Ғалымдар Азияны тұщы судың жетіспеушілігі туралы ескертуде

АСТАНА.  Тамыздың   18-і.  ҚазАқпарат - Ғалымдардың  пікірінше,   Азия    құрлықтың    шөлейт  аудандарында   тұщы судың жетіспеушілігімен  байланысты    үлкен дағдарыстың алдында  тұр,

деп   хабарлайды ҚазАқпарат  ВВС телекомпаниясына сілтеме  жасап.

 Ғалымдардың   айтуынша,    алдағы  40 жылда Азия  халқының саны 1,5 миллиардқа    өседі,    соның салдарынан  2050 жылға қарай       олардың тамаққа деген   мұқтаждығы да еселенеді.

 Дағдарыстың алдын  алу  үшін, азиялық елдер   ирригациялық  жүйені  жаңартуға және судың  жұмсалуын  бақылау  әдістерін   жетілдіруге  миллиардтаған       доллар қаражат салуы керек.