Тоңазытылған азық-түлікті дәмдірек және пайдалырақ ету үшін салқын суда жібіту қажет.
Гётеборгтағы Техникалық зерттеу институты мамандары ерекше эксперимент жасады, олар азық-түлікті суда және ашық ауада жібітіп көрді.
Нәтижесінде, су өте жақсы нәтиже көрсеткен.
Зерттеу жұмысы көрсеткендей, ауаға қарағанда су жылуды өте жақсы өткізеді, сәйкесінше азық-түлік жылдам жібиді және дәмдік сапасы көбірек сақталады.
Сарапшылар азық-түлікті вакуум пакетіне орап, суға салуға кеңес береді.
Тамақ өнеркәсібінде мамандар суда жылдам жібіту әдісін қолданады. Ал қарапайым тұрмыста тұрғындар жартылай дайын өнімді басқаша жолмен ерітеді.