Ғалымдар 8 жастағы жеткіншектердің ақыл деңгейін бағалап, оларда психикалық аурудың белгілерін іздейді.Балалық шағында алғырлығы өте жоғары болған адамдарда психикалық аурудың белгілері замандастарына қарағанда он сатыға жоғары болған.
Лондон Корольдік колледжі мен «deCODE» genetics компаниясының зерттеушілері Исландияның 86 292 тұрғыны туралы да деректер жинап, аталған зерттеудің ғылыми дұрыстығын қуаттады. Ол зерттеуде шизофрения мен биполярлық ауытқушылық шығармашылық тұлғалар арасында көп кездесетінін көрсетті. Балаларды жас кезінде шектен тыс, тым көп ақпараттандыру зиян екенін ғалымдар осылайша дәлелдеп отыр.