Зерттеушілер еріктілерді екі топқа бөлді. Бірінші топ мамандардың тапсырмасымен тамақты асықпай жесе, екіншісі керісінше жасаған. Олардың қорытындылары салыстырылды.
Зерттеу қорытындысы ғалымдарды таңқалдырды. Бірінші топтағы қатысушылардың салмағы 6 айдан кейін 2-5,7 пайызға, ал бір жылдан кейін - 3,4-4,8 пайызға азайған. Ал екінші топтағы еріктілердің салмағы 6 айдан кейін 4,4-5,8 пайызға, бір жылдан кейін - 6,5-8,2 пайызға артқан. Ғалымдар осылайша балалар арасындағы семіздіктің алдын алудың жолын анықтады.