Сынақ барысында 5-6 жастағы балалар бірқатар сынақтан өткен. Оларды білім алып жатқан кәдімгі және діни мектептеріне, шіркеуге бару-бармауына байланысты топтарға бөлген. Осыдан кейін балаларға шынайы, фантастикалық және інжіл сюжеттеріндегі оқиғаларды бағалау ұсынылған.
Зерттеу барысында балалардың барлығы бірдей шынайы оқиғаларға сенген. Алайда дінге сенетін балалар інжіл сюжеттерін шынайы қабылдап, өз пікірлерін соған сүйеніп білдірген. Ал әдеттегі мектепте оқып, шіркеуге бармайтын балалар мұны қиял-ғажайып деп санайтындықтарын айтқан.
Осыған орай ғалымдар балалардың ақпаратты қабылдауына діни тәлім-тәрбие берудің айтарлықтай ықпалы бар деп есептеуде.