Осы ғылыми еңбек негізінде мамандар адам миының жетілуіне оң әсер ететін өнімдердің тізімін жасады. Олардың қатарына балық, сүт өнімдері, бұршақ тұқымдастар мен томат бар. Балықта орталық жүйке жүйесі үшін пайдалы майлы қышқылдар көп.
Бұршақ тұқымдастар дәрумендер мен фолиев қышқылына бай. Томат ми белсенділігін арттырып, нейрондар жұмысының жылдамдығын күшейтеді. Сүт өнімдері есте сақтау қабілеті үшін маңызды, сонымен бірге логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.