Сынақ барысында өз еркімен қатысқандарға 1 кісілік балмұздақты жеу ұсынылды. Содан кейін ғалымдар магниттік-резонанстық томография көмегімен бас миының реакциясын зерттеді, деп хабарлайды meddaily.ru сайтынан.
Зерттеу барысында балмұздақтың қуаныш сезімінің пайда болуына жауап беретін ми аймағының белсенділігін арттыруға айтарлықтай әсер ете алғаны анықталды. Және де ғалымдар мидың жұмыс істеуіне әсер етуі және адамның көңіл күйінің көтерілуі үшін бір-ақ қасық балмұздақ жететінін анықтады.