Digitalis сараптамалық компаниясының Дін және геополитика орталығының сарапшылары экстремистік мазмұндағы контент желіде күн сайын артып келе жатқанын анықтаған.
Ғалымдар Ұлыбританияның желіде экстремизмді насихаттайтын мәліметтермен күресі жалпы осы сарынды контенттің тек 5 пайызын ғана қамтығанын айтады.
Мәселен, адамдар интернеттен «кәпір» немесе «дінге сенбейтін адам» деп іздесе, олар міндетті түрде зорлық-зомбылықты ашық сипаттамаса да, соған бастайтын «жеңіл-желпі» контентке тап болады.
Одан бөлек іздеу кезінде демократиялық жүйені құлатып, халифат құруға шақыратын ақпараттар да жиі кездеседі. Бұдан кейінгі сатыда оқырман одан да қатыгез, мұсылман емес адамдарды өлтіруге шақыратын ақпараттарға тап болады.
Мамандардың пікірінше, адамдар тек әлеуметтік желілерде ғана радикалданбайтын болған. Бұған дейін осылай саналып келсе, қазір бұл үрдіс ғаламтордан ақпарат іздеу барысында да жүзеге асады.