Бірнеше жыл бойы 108 мың әйелді зерттеген Гарвард университетінің қызметкерлері осындай пікірге келді.
Бұл ауқымды сауалдама нәтижелері бау-бақшада жұмыс жасау адамның өзін сезінуін жақсартатынын және адам өмірін ұзартатынын көрсетті. Жерді шұқылауға ерінбейтін адамдарда өлім деңгейі мегаполистерде тұратындардан 12 пайыз төмен.
Доктор Питер Джеймстың айтуынша, алынған статистика ғалымдарды таңдандырды. Олар өсімдікке сүйіспеншілік пен өмір ұзақтығының арасында осындай байланыс бар деп ойламаған болатын. Бақшада жұмыс істеу, дене жағынан да, адамның психологиялық жай-күйі жағынан да оң әсер ететін болып шықты.
Ғалымдардың айтуынша, адамға салмақ түсіретін мегаполистерде қауіпті тыныс жолдары аурулары 13 пайыз жоғары және қатерлі ісіктен көз жұму мүмкіндігі 34 пайыз көп.