Ғалымдар: Бергамот қосылған шай холестеринді төмендетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдардың пікірінше, бергамот сығындысы бар шайды күнделікті тұтыну жүрек ауруының дамуын бақылайды. Себебі, бергамот холестерин көрсеткіштерін төмендететіні дәлелденген, осылайша жүрек ауруы мен қан тамырлары ауруының тәуекелдерін азайтады. Шайға хош иіс пен дәм беретін Эрл Грей де осы бергамоттың өзі.

Егжей-тегжейлі зерттеу: бергамот сығындысында гидрокси метилглутарил флавонон сияқты энзимдер бар екендігін көрсетті, деп хабарлады Meddaily.

Бұл энзимдер жүрек ауруларына байланысты ақуыздарды жоюға қабілетті. Ғалымдардың айтуынша, гидрокси метилглутарил флавонон қосу төмен тығыздықтағы липопротеиннің шоғырлануын төмендететін статин сияқты тиімді.

Статиндерге қарағанда, флавонондар өзге әсерлер тудырмайды.

Бұдан бұрын ғалымдар күніне бес кесе және одан көп ішілген шай обырдың дамыған түрінің тәуекелін төмендеткісі келетіндердің үштен біріне пайдалы екенін дәлелдеген. Ықтималдықтың төмендеуі обырдың төртінші кезеңіне (33 пайыз) дейін жетсе, кейде екінші кезеңге (25 пайыз) дейін де жетеді.

Шайдың оң әсері обырға қарсы қасиеттері бар флавоноидтермен байланысты. Бұл ретте шайға сүт қант, лимон қосып іше беруге болады. Олар тиімділігін төмендетпейді.