Зерттеушілер 2003-2013 жылдар аралығында спортпен белсенді айланысатын 1181 спортшынның денсаулығын бақылаған. Олардың ішінде боксшылар да, аралас жекпе-жек жақтаушылары да болды. Зерттеушілер боксшылар айқас уақытында 49,8 пайыз, ал аралас жекпе-жек қатысушылары - 59,4 пайыз жарақат алатынын анықтады. Бірақ, аралас жепе-жекке қатысушылардың алған жарақатынан толық ем алуға болады. Олар шаршы алаңда қанға көп «боялғанымен», көбіне жеңіл жара болып келеді. Ал боксшылардың жарақатынан ми шайқалады немесе көзі көрмей қалуы мүмкін. Зерттеушілер осы тұжырымды ескеріп, жекпе-жек қатысушылары арасында жарақат алуды төмендетуге тырысу қажеттігін мәлімдеді.
08:12, 09 Қараша 2015
Ғалымдар бокс аралас жекпе-жекке қарағанда қауіптірек деп атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық ғалымдар бокс аралас жекпе-жекке қарағанда, қауіптірек екенін анықтады. Зерттеу Clinical Journal of Sports Medicine журналында жарияланды, сондай-ақ, Альберт университетінің сайтында бұл туралы қысқаша хабарланды.