Ғалымдар Будда мүсінінің ішінен адам сүйегін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландық ғалымдар XI-XII ғасырларға жататын будда мүсінінің ішінен сопының мумиясын тапты, деп жазады Росбалт.

Дренте (Ассен) тарихи мұражайының қызметкерлері Амерсфорт қаласындағы бас ауруханамен бірлесе жұмыс істеді. Дәрігерлер мүсіншені компьютерлік томографиямен тексеру барысында оның ішінен шірімеу үшін бальзамдап тастаған адам мүрдесі табылды. Буддолог Эрик Брейннің пікірінше, дене чань-буддизм мектебінің өкілі шебер Люцюанға тиесілі.

Мүрденің құрсақ және төс қуысын тексерген амерсфорттық гастроэнтеролог оның ішкі ағзаларының орнына қытай қарпімен жазба бар қағаз салынғаны және қоқыстармен толтырылғанын анықтады. Осылайша, оны қатырмас бұрын ішкі ағзаларын алып тастаған. Көптеген буддистер Люцюан гуру өлмегеніне, оның медитацияның биік дәрежесіне ауысқанына сенімді.

Қытай қарпімен жазылған мәтін Люцюан туралы монографияға енгізіледі. Университет оны басып шығаруға әзірлік үстінде. Мумиямен мүсін Будапештке жеткізілді, 2015 жылғы мамырда ол Венгрияның Тарих мұражайында көрсетілетін болады.