Ғалымдар Челябідегі метеориттен су тапты

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Ғалымдар сенсациялық жаңалық ашты. Биылғы жылы ақпан айында Челябіге құлаған метеориттен су табылды.

Мұндай жаңалықты РАН геологиясы зертханасының қызметкері Степан Берзин жасады.

Зерттеуші сыныққа сараптама жасай отырып, одан қышқылдану процесін анықтап, метеоритте су бар деген болжам жасаған. Ғарышта болған кезде метеориттегі су мұз күйінде болған, ал жерге жеткен кезде лезде буланып кеткен.

Берзиннің айтуынша, осы су метеориттің жарылуына себеп болса керек, деп хабарлады ЕуроБАҚ.