Ғалымдар: Чернобыль апаты қайталануы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болашақта Чернобыль АЭС-інде болған сияқты ірі апат қайталануы мүмкін. Бұл туралы 200-ден астам ядролық апаттарға талдау жасап шыққан Сассэкс университетінің мамандар тобы жария етті.

Ғалымдар өздерінің осы мәселеге қатысты болжамдарын Risk Analysis журналында жарияланған мақалада айтқан, деп жазады lenta.ru.

Мақалада келтірілген мәліметтер бойынша, АҚШ-та 1979 жылы «Три-Майл-Айленд» АЭС-інде болған апат 10-20 жылдан да жиірек болуы керек.

Ғалымдар баяндамалар мен ғылыми мақалаларды, баспасөз-баяндары мен басылым ақпараттарын зерттеді. Олар мүліктен айырылу, сақтандыру төлемдері, қоршаған ортаны қалпына келтіру сияқты шығындарды есепке ала келе әрбір апаттан келетін шығынның мөлшерін анықтаған.

Мамандардың сөзінше, Халықаралық атом энергиясы агенттігінің апаттарды болжау мақсатында қолданатын стандартты әдістері жеткіліксіз. Сондықтан ядролық реакторларды шығару кезінде пайдаланатын технологияларды жетілдіру керек.