Ғалымдар: «Дауылдың келесі маусымы» Нью-Йоркке қатер төндіруі ықтимал

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар жаһандық жылыну мен теңіз деңгейінің өсуінен Нью-Йорк пен Нью-Джерси бұрынғыдай 500 жылда бір рет емес, 25 жылда бір су басып отыратынын анықтады.

Ғалымдар су басудың осындай жиілігінің бұл қалалардың барлық тұрғындары үшін үлкен қауіп төндіріп отырғанын атап өтуде.

Сарапшылар оны су басудың осындай мерзімдерін теңіз деңгейінің соңғы екі мың жылда ауысуын зерттеген кезде анықтай алды.

Есептеу кезінде ғалымдар индустриялыққа дейінгі заманда алапат құйындардың Нью-Йорк пен Нью-Джерсидің жағалауына өте сирек «барғандығын» байқаған. Соңғы 50 жылда бұл жағдай түбегейлі өзгерді, енді су басулар 25 жылда бір рет орын алып отыр. Оның негізгі себебі - антропогендік өзгерістер мен жаһандық жылыну. Фото: Glynis Jones/Shutterstock