Ғалымдар «Екі капитан» экспедициясы мүшелері күнделігінің бір бөлігін тапты

АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Георгий Брусиловтың бұдан 100 жылға таяу уақыт бұрын жоғалып кеткен арктикалық экспедициясын іздеуге аттанған ресейлік ғалымдар оның бір қатысушысының күнделігі парағын тапты. Бұл туралы бүгін зерттеушілердің бірі мәлім етті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

«Парақтағы үзінділер оқылады, онда «Әулие Анна» кемесіндегі тұрмыс жайы баяндалады», - деді зерттеуші журналистерге. Ғалым топ іздестіру жұмыстарын жалғастыратынын айтқан, алайда ауа райы бұзылуына байланысты олар мұздық арқылы жаяу жүруге мәжбүр болды.

Естеріңізге сала кетейік, 1912 жылы Санкт-Петербордан Георгий Брусиловтың экспедициясы «Әулие Анна» шхунасымен сапарға аттанды, оның тарихы Вениамин Кавериннің атақты «Екі капитан» кітабы арқылы белгілі болды. Корабльдің және экипаж мүшелерінің бір бөлігінің тағдыры осы күнге дейін белгісіз болып қалып отыр. Шхунадан кетіп, үлкен жерге бағыт алған 11 адамның екеуі: штурман Валериан Альбанов пен матрос Александр Конрад тірі қалды. Бұл адамдардың тағдыры 1917 жылы жарияланған Альбановтың күнделігі арқылы белгілі болды.