Ғалымдар Елбасына «Халық қаһарманы» атағын беру жөніндегі бастаманы толық қолдайды - Қ.Бозымов, БҚО

None
ОРАЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ғалымдар Елбасына «Халық қаһарманы» атағын беру жөніндегі бастаманы толық қолдайды.

Бұл туралы 1 желтоқсан күні Алматы қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаетың қатысуымен өткен тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған ғалымдар форумына барып қайтқан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Қазыбай Бозымов мәлім етті.

Оның айтуынша, аталмыш форум және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі отандық ғылымның, еліміздің ғылыми-техникалық және инновациялық даму болашағын жаңаша ұғынуға мүмкіндік берді. Биылғы жыл Қазақстан ғылымының жаңа сапаға өтуінің маңызды межесі болды. Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған ғылым саласын басқарудың жаңа үлгісі мен «Ғылым туралы» жаңа Заң, зерттеулерді бұрын-соңды болмаған қаржыландыру көлемі және олардың жаңа нысандарын енгізу ғылымды экономикаға тиімді ендірудің және Қазақстанның инновациялық жаңаруының негізгі факторы болды.

«Форумға қатысушылар ғылым саласының өзекті стратегиялық даму мәселелерін талқылай келе, Қазақстан жұртшылығына үндеу тастадық. Қазір отандық ғылымның алдында тұрған ең маңызды міндет - ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу. Осы ауқымды міндетті іске асыру үшін ғалымдардың, мемлекеттің, бизнестің және барлық қоғамның күштерін тиімді түрде біріктіру қажет. Бизнес өкілдері ғылыми жетістіктер базасында өндірісті кеңінен жаңартуға, зерттеулерді коммерцияландыру тетіктерін құруға қатысуға және осы саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуға мүдделі болуы тиіс. Отандық ғылым жетістіктерін барынша насихатталып, іске асырылса, жастардың ғылым мен инновацияға деген қызығушылығы ғалымдар мен инноваторлар еңбегінің беделі артса ғана елімізді әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру үшін қажетті жағдайлар жасай аламыз деген түйін жасалды.

Осы тұста Қазақстанның ғылыми қауымдастығы Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа мемлекеттік жоғары награда «Халық қаһарманы» атағын беру жөніндегі бастаманы бірауыздан қолдағанын айта кеткім келеді.