«Сырт көзге ол ойыншық сияқты көрінгенмен, шын мәнісінде өте күрделі құрылғы», - дейді өнертапқыштар. Ағаш пішіндес құрылғының діңгегі мен сабақтары 3D-принтерде басып шығарылған ағаш текті биоматериалдан жасалған. Ал оның «жапырақтары» электр энергиясын күн менен желден алады. Олардың қалыңдығы шамамен 0,2 милиметр. Электродтар мен полимерлі қабаттар арқылы электр энергиясын бөлетін құрал Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігінде 10,4 Ватты қуатты өндіруге қауқарлы.