Ғалымдар: Емдәмнің барлығы бірдей пайдасыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық ғалымдар ұзақ мерзімді болсын, қысқа мерзімді болсын, кез келген емдәмнің пайдасы жоқ деген шешімге келді. Диета аяқталғаннан кейін, оның қанша уақытқа созылғанына қарамастан, артық салмақ қайта қосылады.

Қысқа және ұзақ мерзімді емдәмдер түрлі нәтиже береді деп саналады. Қысқа мерзімді диете ұстау кезінде адам тез арықтайды, алайда ол ұзаққа созылмайды. Ал диетаны ұзағырақ ұстағанда оның нәтижесі де көзге көрінерліктей. Ал шындығына келгенде, диета нәтижелерінің арасында айтарлықтай ерекшелік жоқ, деп хабарлады Myjane порталы.

Мельбурн университетінің ғалымдары бұл тәжірибеге екі жүзден астам адамды тартқан. Оларға әр түрлі диеталар қолданылды. Еріктілер белгілі бір нәтижеге қол жеткізген, алайда олар қайтадан артық салмақ қосқан.

Қысқа уақытқа арналған диетадан кейін салмақ қайтадан тез орнына келген. Ұзақ емдәмнен кейін салмақты азырақ қосқан. Алайда қол жеткізген нәтижені ешқайсысы сақтап қала алмаған.