«Алыс шығыс қабыланының бұл жасқа жетуі сирек құбылыс. Ғалымдар бұрын осы жасқа жететін екі қабылан түрін ғана білген (Иван, Толстой), деп хабарлады ұлттық саябақтың баспасөз қызметінен.
Алексей деген атауға ие болған Алыс шығыс қабыланы фото тұзақ объективіне алғаш рет 2003 жылы түскен. 2007-2012 жылдары ол қарғыбаумен жүрген. Ал биылғы ақпанда ол қайта фото тұзаққа түскен.
Алыс шығыс қабыланы - ғаламшардағы ірі мысық тұқымдастардың ең сирек кездесетін түрі. Ресейде 2000 жылдардың басында олардың саны 30 болды. Қазір 70-ке жеткен. Ресейде бұл жануарлар тек Приморе өлкесінде тіршілік етеді. Олардың 90 пайызы ұлттық саябақта өмір сүреді. 2014 жылы фото тұзаққа 57 қабылан түсіп қалған, деп хабарлайды interfax.ru.