Онсыз, белгілі болғандай, бір де бір ер адам өзін шынайы бақыттымын деп сезінбейді.
Оксфорд университетінің ғалымдары осындай шешім шығарып отыр, деп хабарлады Myjane порталы. Олар жүргізген сауалнама барлық ер адамдардың аптасына екі күн достарының ортасында болу керектігін көрсеткен. Яғни, ондай жандардың көңіл-күйлері үнемі көтеріңкі болып, өздерін бақытты сезінеді.
Ғалымдар тіпті ер адамға қанша дос қажеттігін де жариялады. Ол үшін 4-5 дос болуы керек. Ал бұл топтағы адамдар саны артқан сайын мұндай ортадан алатын әсер төмендей береді.