Ғалымдар ерлердің тазға айналуының генетикалық себептерін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландиялық зерттеушілер 53 мың ер адамның ДНК-сын тексеріп, таз болудың генетикалық себептерін тапты.

 Зерттеу нәтижелері  PLOS Genetics ғылыми журналында жарияланды.

Эдинбург университетінің мамандары шашы түскен адамдардың ДНК-сын айыруды үйренді.

Бұдан басқа, зерттеушілер таз болу анасынан ер адамға берілетін Х-хромосомымен байланысын растады және шаштың түсуіне жауап беретін 200-ден астам жаңа ген ашты.

Зерттеу орташа жасы 57-дегі ер адамдардың ДНК-сын пайдаланып, жүргізілді. Деректерді 500 мыңға жуық адамның ДНК үлгісі сақталған Британдық биобанк ұсынды.