Айта кету керек, қазір Британия халқының үштен бірі еттің не екенін мүлде ұмытқан. Бұл адамдардың ағзасы қажетті ақуыздан қағылып, ет құрамында болатын көптеген пайдалы заттардан құр қалады. Сондай-ақ вегандар (вегетариан сөзінен қысқартылған) арықтап, біраз салмақтан арылады.
Бірақ, бұл олардың ішек микрофлорасының қалыпты жұмысының бұзылуынан болады. Ет жемейтін адамдар үнемі шаршап-шалдығып, көңіл-күйлері түсіңкі болып жүреді екен. Ал ең қиыны, вегандықтан бас тартып, қайтадан ет жеуді ұйғарған адамдардың ас қорытуы нашарлап, асқазанда жара пайда болуы мүмкін, деп жазады басылым.