Ғалымдар ежелгі алып шаянның қаңқасын тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айова штатының ғалымдары алып шаянның қаңқасын тапты.

Йельский университетінің ғалымдары шаянның бұл түрі Жерде шамамен 450 миллион жыл бұрын өмір сүргенін анықтады. Сүйекке қарап оның мөлшері бір жарым метр болғанын байқауға болады. Сондай-ақ мамандар шаянның он аяғы мен өткір құйрығы болғанын атап өтті. Ғалымдар құйрықты құрбанын аулау үшін емес, жүзген кезде тепе-теңдікті сақтау үшін пайдаланғанын айтады.

Ғалымдар ежелгі шаян өкілдерінің 150-ден астам сүйегін тапқанын атап өткен жөн. Ең қызығы, олардың барлығы Айова штатында өзендердің біріне жақын жерден табылды. Алынған деректерге сәйкес шаянның бұл түрі өте агрессивті, бірден шабуылдайтын болған, қазір олар жайлы деректер өте аз.