Ғалымдар халал өнімнің денсаулыққа пайдасын зерттеп жатыр

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Диетологтар мен гигиена мамандарының көңілінен шығатын халал ет өнімдері бүгінгі таңда ең көп тұтынылатын азық ретінде белгілі. Соңғы зерттеу нәтижелерінен белгілі болғандай, малды шариғат талаптарына сай сою тұтынушыларды түрлі кеселдерден сақтайды. Бұл туралы muslim.kz сайты жазады.

Ғалымдардың өзі шариғат талабымен мал союдың денсаулыққа жағымды әсері болатынын алға тартады. «Малды шариғат талабына сай союдың өз ережесі бар. Алдымен жүзі лыпып тұрған өткір кездікпен малдың  тамағынан орып жіберу керек. Оның күре тамырының қиылғанына назар аудару қажет. Сонда ғана ауру тудыратын микробтардың көзі жойылып, малдың қаны толық ағып бітеді», - деді Мекке қаласындағы Умм әл-Құра университетінде жұқпалы аурулардың маманы Хұсейн Әбді әл-Рақым.