Енді барлығы ойдағыдай болса, 5-6 жылдан кейін дәрі саудаға шығарылады, деп хабарлайды 24.kz. Зерттеушілер дәрінің тиімділігін тышқандарға егу арқылы тексеріп көрген. Ал соған дейін зертханада бұл кеміргіштерге алкогольді ішімдік беріліп, олар тәуелді болып қалған. Бір қызығы, дәрі егілген тышқандарға препарат оң әсер етіп, олардың ішкіліктен айыққаны байқалған.