Жаңа дәрі әсіресе қол ауруларын емдеуде тиімді екенін көрсетті. Ол арнайы қоспа негізінде жасалған. Жалпы, бұл препарат туралы 20 жыл бұрын әңгіме қозғалған екен. Итмұрын сығындысын арнайы патенттелген әдіспен алып, 30 еріктінің негізінде тексергенде, олар солқылдаған аурудың азайғанын айтқан.
Копенгаген университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу жұмыстары аталған қоспаны қолдану остеоартрит ауруының белгілері бір тәуліктің ішінде азайтқанын көрсетті. Итмұрында С дәрумені мен ликопин көп. Бұл антиоксиданттар холестерин мен қабынуды төмендетеді.