Ғалымдар: қалта телефоны мен Wi-Fi онкологиялық ауру тудырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күндіз-түні ұялы құрылғыны жанынан тастамайтындар үшін жағымсыз жаңалық келіп жетті. Ғалымдардың Electromagnetic Biology & Medicine беделді басылымында жариялаған мақаласына сәйкес, сымсыз әрі сәнді гаджеттер адамды онкологиялық дерттерге шалдықтыруы мүмкіндеп хабарлады www.24.kz.

Себебі смартфондар мен өзге де сымсыз құрылғылардан тарайтын радиация ағзада метаболикалық тепе-теңсіздік тудырады. Ал бұл құбылыстың соңы обыр мен өзге де ауруларға әкеліп соқтырады. Сондай-ақ қалта телефонын үнемі пайдаланудан бас ауырып, адам шаршап, тері тітіркенеді екен. Дәрігерлер түнде жатар орыннан қалта телефоны, планшеттерді алысқа шығарып тастап, уай-файды сөндіріп жатуға кеңес беруде, деп жазады informing.ru.