Зерттеу нәтижелері "Вашингтон пост" газетінде жарияланды.
«Біз адамның SKA2 гені мидың стресске жауап қатуын анықтайды деген тұжырым жасадық. Өзіне-өзі қол жұмсап қаза тапқандар мен суицид жасауға әрекет еткендердің миларын зерттей отырып, оларда SKA2 генінің белсенділігі төмен екенін әрі мутацияға ұшырағанын анықтадық. Оның мутацияға ұшырау деңгейі неғұрлым жоғары болса, адамның өз өміріне өзінің қол сұғуы да соғұрлым жоғары болады», - дейді зерттеу жетекшісі Захари Камински. Зерттеуге 325 американдық қатысқан. Оның нәтижесі бойынша өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет еткендер мен бұл туралы ойланғандар 80 пайызға дейін дәл анықталған. Тіпті, жастардың арасында бұл көрсеткіш 100%-ға дейін жеткен. ДДСҰ мәліметінше, жыл сайын әлемде 1,5 млн. жуық адам өзіне-өзі қол жұмсап, өмірімен қош айтсады. Ал 20 млн. жуық адам осындай әрекетке талпынады екен. Суицидтер саны бойынша бірінші орынды Қытай алады, мұнда жыл сайын 300 мың адам өз еркімен өмірмен қоштасады. Екінші орында - Үндістан (160 мың адам), үшінші орында - АҚШ (37 мың адам) тұр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.