Ғалымдар Қазақстан тарихына қатысты академиялық жинақтың әзірлену барысын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік кеңесшісі ғалымдармен Қазақстан тарихы бойынша академиялық жинақтың әзірлену барысын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында белгілі тарихшы ғалымдармен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында берілген тапсырмаға сәйкес дайындалып жатқан «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» көптомдық академиялық басылымның әзірлену барысы талқыланды.


Фото: ortcom.kz