Ғалымдар кей адамдардың не себепті ақша жинай алмайтынын айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар кей адамдардың не себепті ақша жинай алмайтынын айтып берді, деп жазады Росбалт.

Колорадо және Техастың A&M университетінің ғалымдары ақша үнемдеп, жинауға бел буған кей адамдардың осы жоспарын орындауға келгендегі сәтсіздігі олардың оң нәтижені асыра бағалап, ал теріс нәтижеге тиісті баға бермеуінде деп санайды.

Мысалы, осы топқа жататын адамдардың бірі 10 мың доллар жинауды мақсат тұтты делік. Кейін ол $100 үнемдеп, оны сақтап қойса, оған бұл ісі біраз қаржы жинап алғандай көрінеді екен. Және де ол өз мақсатына жетуге шақ қалғандай сезіледі-міс. Ал егер қажеттіліктен тыс $100 жұмсап жіберсе, бұны шығын санамайтын көрінеді. Сол себепті, көздеген қаржыны жинау ол үшін оңай соқпайтын көрінеді.

Ғалымдар, мінез-құлқы осыған ұқсас толық адамдар арықтауға бел буса да осындай кедергілерге тап болады деп пікір білдірген. Мәселен, ол бір тоқашты жемей қойса, үлкен іс тындырғандай, өзін көп нәрседен тыйғандай сезінеді. Ал, керісінше бір тоқашты артық жеп қойса, бұл үшін еш уайымдамайтын көрінеді.