Ғалымдар: Кітаптар мен бейнеойындар саяхаттың орнын баса алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кітаптар мен бейнеойындарды сатып алу саяхатқа шыққандай бақытты сезімге бөлей алады. Жаңа зерттеу мұндай сатылым дағдыларды қалыптастырып, білімді дамытуға мүмкіндік береді. Олар адамдардың бір-біріне деген жақындығын сезіндіретін өмірлік тәжірибе сияқты рахат сезімін сыйлай алады.

Өз зерттеулерінде ғалымдар сатып алушылардан таяуда сатып алған заттарын және олар қаншалықты бақытқа бөлей алғанын сұрастырды. Зерттеушілер тәжірибе барысында адамдарды жай ғана материалдық зат аздап қуантса, өмірлік тәжірибе - одан көп қуаныш сыйлайды, ал кітаптар мен бейнеойындар шамамен орташа бақытты сезіндіреді деп күтті. Алайда зерттеушілер сезім қылын қозғап, көңілге әсер ететін заттар да адамды ерекше шаттыққа бөлейтінін анықтап, қатты таң қалды, деп хабарлады Meddaily.

«Бұл - материалистер үшін тамаша жаңалық. Егер адам өзін бақытты сезінгісі келсе, сезімге әсер етіп, көңілін көтеретін заттарды сатып алуы тиіс, - деді Сан-Франциско университетінің профессоры Райан Хауэлл.- Кітаптар мен бейнеойындар білімге мұқтаж жандарға қажет болса, өмірлік тәжірибе өзін жалғыз сезінетіндерге сай келеді. Қайсы болса да, адамдардың көңіліне қуаныш сыйлайды».