Он жыл бойы әр күзде мамандар майшабақтың уылдырықтануына келген киттердің шығарған дыбыстарын күн сайын зерттеп отырды. Бұл шара Солтүстік Атлантикадағы Массачусетс штатының Кейп-Код жағалауының қасында жүз мың шаршы метр аумақта жүргізілген, деп жазады planet-today.ru.
Профессор Пурнима Ратилалдың баяндауынша, «киттер балықты қоршап, одан кейін олардың біреу майшабақтар тобын тоқтата алатын көпіршік үрлеп, бұл ретте екіншісі балықты бір топқа айдау мақсатымен қорқыту үшін қатты дыбыс шығарады. Үшінші кит табылған азыққа кірісе беруге болатыны туралы белгі береді». Бірақ ғалымдар әзірге киттердің аңшылық жасау үшін неге топтасатынын түсіне алмай жүр.