Мамандардың айтуынша, адамның қан қысымы әр 10 секунд сайын көтеріліп-түсіп тұрады. Классикалық музыка авторларының, соның ішінде Джузеппе Вердидің туындылары осы ритмге сай келеді. Бұдан басқа бірқатар опера және оркестрлік әндер де қысымды қалпына келтіруге қауқарлы. Алайда, поп және реп әндер керісінше қысымды көтеріп жібереді екен.