Тәжірибенің нәтижесі бидай өндірушілер үшін ешқандай жақсы жаңалық күттіріп отырған жоқ. Зерттеу алаңында өсірілген бидай ұнында протеиндер 5-10 пайызға аз, сонымен бірге ақуыз құрамы да айтарлықтай өзгеше. Протеиндер қамырдың жабысқақтық қасиетінің негізін қалайды, сондықтан болашақтағы нан бұрынғыға қарағанда көп үгіледі. Ол ақыр аяғында оның дәміне де әсер етеді. Орташа алғанда, зерттеу жетекшісі Реми Мандершайданың сөзіне қарағанда, піскен нанның сапасы егер протеиндер саны 10 пайызға азайса, 20 пайызға төмендейді.
Ал, америкалық ғалымдар одан да жаман болжам жасап отыр. Гарвард университетіндегі Самуэль Майерс бастаған ғалымдар Британияның танымал Nature басылымында жарияланған мәліметтеріне сәйкес, ауада көмір қышқыл газының артуы өсімдіктердегі маңызды микроэлементтердің азаюына әкеледі. Яғни, 2050 жылға қарай, бидайда цинк 10 пайызға, темір 5 пайызға кемиді, деп болжанады.