Сыраны көп мөлшерде пайдаланатын еріктілердің ЭКҰ көмегі арқылы әке атану мүмкігдіктері 57 пайыздан жоғары болып шықты.
Ал кофені тұтыну керісінше, ұрықтандыру мүмкіндігін азайтқан. Бір кесе кофеде шамамен 140 миллиграмм кофеин бар. Балалы болғысы келетін ер адамдардың кофеинді аз тұтынғандарының мүмкіндігі 52 пайызды құраған, ал көп тұтынғандардың мұндай мүмкіндігі 19 пайыздан аспаған.
Сыра мен кофеиннің неліктен балалы болуға осындай әсері бар екені түсініксіз. Алкогольді тиісті мөлшерде пайдаланатын жұптың балалы болуға пайдасы болуы мүмкін. Себебі ол күйзеліс деңгейін төмендетеді.