Нидерланды ғалымдары да осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды meddaily.ru сайтынан. Және де, ғалымдардың мәліметтері бойынша, ынталандырушының кері әсері жоқ. Голландия ғалымдары жүргізген сынаққа 44 адам өз еркімен қатысқан.
Сынақ барысында қатысушылардың жартысы бір кесе көк шай ішкен. Содан соң ер адамдардың зеректігін тексеру үшін тапсырмалар берілген. Олармен жұмыс істеу кезінде бас миының белсенділігі арнайы құралдар көмегімен өлшенді. Зертеу барысында анықталғандай, көк шай ішкен ер адамдар ақпаратты жақсы қабылдап, есте сақтайтын болған.
Еуропада бір жыл бұрын осындай сынақ жасалған болатын. Өз еркімен қатысқан 12 адамды екі топқа бөлген, олардың бірі тапсырмаларды орындау алдында көк шай сығындысы бар сусын ішкен. Нәтижесінде, тағы да көк шай ер адамдардың есте сақтау және қабылдау қабілетін айтарлықтай жақсартады деген қорытынды шығарылды.