Ғалымдар күн батареяларымен жарақталған күртеше ойлап тапты
03:38, 04 Сәуір 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуық арада күн энергиясымен жылынатын киім шықпақ, деп жазады 24.kz.
Томск ғалымдары ойлап тапқан күртешеге кіріктірілген күн батареялары тіпті бұлтты күні де жұмыс жасай береді, деп жазады rbc.ru.
Батарея-матадан тігілген мұндай киім жұқа да жеңіл. Оны киген адам Қиыр Шығысқа сапар шексе де денесі жылы жүреді. Күртешенің бағасы қолжетімді және матасы экологиялық таза.