Зерттеушілер суицидтер саны мен күннің маусымдық құбылуын есепке алды және егер 14-60 күн бұған дейін күн ашық болып тұрса, суицидтер саны азаятынын анықтады. Күн көзі шығып тұрған сағаттар саны 86 метеорологиялық стансалар ұсынған ақпараттар негізінде есептелді.
Күннің сәулесі мидың сертонинергиялық жүйесімен өзара әрекеттестікте болады және ол адамдардың көңіл-күйіне жанама болса да әсер етуі мүмкін, деп хабарлады МедДэйли The Times of India ақпаратына сілтеме жасап.