Ғалымдар: Күнделікті рациондағы өзгерістер әйелді сүт безінің обырынан қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ғалымдары күнделікті рацион күллі әлем бойынша көптеген әйелдерде кездесетін сүт безі обырының алдын алуда маңызы зор деп санайды.

Жүз мыңдаған әйелдерді көпжылдық бақылау нәтижесінде онкологтар күнде өсімдік тағамын тұтынатын әйелдер обырға 25 пайызға сирек шалдығатынын анықтады.

Зерттеушілер бұл фактіні көкөністер мен жемістердің құрамындағы эстроген гармонының сіңімділігіне кедергі келтіретін ерекше талшықтармен түсіндіреді. Әйел ағзасында оның жоғары болуы сүт безі обырының туындауына ықпал етеді.

Обырдың алдын алуды бала кезден бастау қажет, дейді диетологтарға үн қосқан онкологтар.

Бала диетасына көкөністер мен жемістердің қажетті мөлшері уақтылы енгізілсе, есейген шығында онкологиялық ауруға шалдығу ықтималдығы төмендейді. Бұдан басқа, өсімдік өнімдеріне бай рацион ағза қызметінің әлсіреуін баяулатады.