13:03, 10 Маусым 2009
Ғалымдар: күрделі шешім қабылдаудың алдында мызғып алу керек
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - Қандай да бір мәселенің түйінін шешудің ең үздік әдісі - оны кейінге қалдыру, дейді ғалымдар. Олардың айтуынша, күрделі шешім қабылдаудың алдында мызғып алсаңыз, дұрыс шешім қабылдайсыз,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Британдық басылымдардың хабарлауынша, ұйықтардың алдында ешқандай маңызды шешім қабылдамаған Скарлеттің үлгісімен көп мәселенің түйінін шешуге болады екен. 77 жасөспірімнің қатысуымен зерттеу жүргізген Калифорния университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келіп отыр. Олар тәжірибелік сынаққа қатысушыларға таңертеңгі және түс әлетіндегі ұйқыдан кейін ұқсас сөздермен байланысты түрлі шығармашылық тапсырмалар берген. Нәтижесінде, түс әлетінде мызғып алған балалардың дұрыс шешім қабылдауға қабілетті екендері анықталған. Ғалымдар өз зерттеулерімен жаңалық ашпағандарын, тек осыдан 1,5 ғасыр бұрын «түс көре білуге» кеңес берген нобельдік сыйлықтың лауреаты Фридрид Кекюльдің сөзін тәжірибемен дәлелдеп отырғандарын айтуда.