Ғалымдар күйзеліс креативті ойлауға кедергі болатынын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, күйзеліс, жиі жабығып жүру, адам миының есте сақтау қабілетіне жауап беретін бөлігін тоздырады, деп жазады Росбалт.

Ғалымдар көңіл күйі жақсы адамдар жаман ойдан мейілінше алыс болады деп есептейді. Сондықтан, түнеріп жүрмеуге кеңес береді. Жүйке күйзелісі адамды физикалық жағынан да әлсіретеді. Алға қойған арман, мақсатқа қол жеткізу үшін креативті идеялар қажет, ал оған тек, жақсы көңіл күй керек, дейді мамандар.