Ғалымдар: Күйзеліс пен бастың ауруы бір-бірімен байланысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күйзеліс жағдайында жүрген адамдардың көбіне басы ауырады. Бұлай деп Америка неврология академиясының жыл сайынғы конференциясы барысында америкалық ғалымдар мәлімдеді.

Мұндай тұжырымға олар 20-70 жас аралығындағы 5 мың адамға зерттеу жүргізу барысында келген. Адамдар күйзеліс жағдайында жүргенде бастың қысып ауруы жиілеп кетеді екен. Қатты күйзелген сайын бас ауруы да үдей түседі. Сондықтан, күйзеліс пен бас ауруы бір-бірімен тығыз байланысты, деп жазады Росбалт.