Ғалымдар күйзелісті көрсететін молекуланы анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада ғалымдарының хабарлауынша, күйзелісті көрсететін молекула анықталды. Осы орайда мамандар бұл зерттеу жаңа антидепрессанттардың жаңа түрін әзірлеуге көмектеседі деп үміттенуде.

Атап айтқанда, бірқатар зерттеулердің барысында канадалық ғалымдар miR-1202 атауымен белгілі болған молекуланы тапты. Ол өз кезегінде адам ағзасының күйзелісті жағдайын көрсетеді екен.

Биологтар емдеу кезінде miR-1202-ні күйзелістің маркері ретінде қолдануға және жаңа транквилизаторлық заттарды даярлауда пайдалануға жоспарлап отыр.