Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған жұмыстар барысында алынған мәліметтер COVID-19-ға қарсы вакциналар дайындауға пайдасын тигізді.
Әдетте, үміткер-вакцина бар кезде сынақ кезеңдері үздіксіз, кейде үзілістермен жүргізіледі.
Адамдар арасында инфекцияның жоғары жұғу деңгейі туралы деректер жинауды жылдамдатуға мүмкіндік берді. COVID-19-дың көптеген жағдайларының салдарынан клиникалық зерттеулерге қатысушылар коронавирус инфекциясын тез жұқтырды, сондықтан нәтижелер де қысқа мерзімде дайын болды.⠀
Өзге де маңызды себептер:
- Ел Үкіметтері зерттеулер мен сынақтар жүргізуге ірі көлемде қаржы жұмсады
- Сынақтың барлық кезеңдерінде вакцинациядан өтуге ниет білдірген еріктілер саны көп болды
- Деректерді талдау мен ғылыми рецензия процестің барысында үздіксіз жүргізілді
- Вакциналар өндірісі үшінші кезеңнің соңына дейін дайын болды.⠀