65 жасында Леонардо да Винчидің оң қолы жансызданған көрінеді. Дәрігерлердің айтуынша, ол алғашқы инсульттан кейін орын алған. Мамандар 1519 жылы екінші рет инсульт алған суретші қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлады РСН.
Айта кетейік, Да Винчи XV ғасырдың екінші жартысы - XVІ ғасыр басында өмір сүрген. Ол Қайта өрлеу дәуірінің ең жарқын тұлғаларының бірі саналады.