Ғалымдар: Математиканың миға әсері музыкадан кем емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британ ғалымдары математиканың миға әсері музыкадан кем болмайтындығын анықтады.

Бұл математикалық есептерді шығарған және музыка тыңдаған адамдардың бас миын зерттеу барысында байқалды. Тәжірибеге қатысушы адамдардың барлығына да МРТ жасалды. Нәтижесінде математикалық амалдарды шығарған кезде де, музыка тыңдаған кезде де ми қабығының белсенділігі бірдей артқаны дәлелденді, деп жазады rosbalt.ru.