АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдардың зерттеуі барысында мотоциклдерде жағармайдың жануы кезінде бөлінетін газ жүк көліктері шығаратын газға қарағанда едәуір зиянды екені анықталды,деп жазады Росбалт.
Швейцариялық ғалымдардың мәліметінше, еш қозғалыссыз жай от алып тұрғанның өзінде шағын мопед ағзаға қауіпті заттарды қоршаған ортаға шығарады.
Осы бағыттағы қосымша зерттеулерге сәйкес, қала көшелерінде жүретін мотоциклдер тыныс алу жолдарының дертіне алып келетін, яғни экологиялық ахуалға қолайлы емес басты себептердің бірі болуы мүмкін.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.