Инсбрук институтының геофизиктері Randolph Glacier Inventory (RGI) негізінде - ғаламшардағы барлық мұздықтардың толық тізілімі арқылы мұздықтардың 1851 жылдан 2010 жылға дейінгі өзгеруі серпінінің өз моделін жасап шықты. Онда табиғи факторлар (күн белсенділігінің құбылуы, жанартаулардың атқылауы) және антропогендік фактор ( жерді пайдалану сипатындағы өзгерістер, парниктік газдар шығарындылары) есепке алынды. Зерттелген кезеңдегі мұздықтар еруінің төрттен бірі ғана адамзат қызметімен байланысты болған. Дегенмен 1991 жылдан бері антропогендік факторлар әсерінің үштен екіге дейін артуы байқалған. Алайда австриялық ғалымдардың моделі бөлек аймақтар бойынша нақты нәтижелерді бере алмай отыр.
Бүгінгі таңда жалғасып отырған мұздықтардың еруі теңіз деңгейінің көтерілуіне, сумен қамтамасыз етудің дағдарысына және геологиялық тәуекелдерге әкеп соқтыруда. Дегенмен, мұздықтардың еруі әлі де болса баяу жүріп келе жатқаны аталып өтілген.