Ғалымдар: Мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит деңгейі біз ойлағаннан да жылдам көтеріліп келеді
Videnskab.dk атты даттық ғылыми интернет порталына берген сұхбатында зерттеуге қатысқан профессор Джейсон Бокс бірнеше аномалиялық жылы маусымдардан кейін қар қабатының бетіне көп су жиналып, тығыз мұзды қабыршық қалыптастыратынын айтты. Бұл кейіннен ағын судың тереңге ағуына кедергі келтіріп, қатуына ықпал етеді. Суды ұстайтын қабаттың қалыңдығы Гренландияның кей аудандарында 40 метрге жетсе, ол енді 3 метрге дейін жұқарған.
Әрі, ғалымдар әзірге бұл құбылыстың қаншалықты таралғанын анық білмейді. Гляциолог Дирка ван Асаның айтуынша, Гренландиядағы мұз жамылғысы құрылымының өзгеруі - климаттың жаһандық жылынуының тікелей салдары. Ғалымдар оны қалпына келтіру бірнеше жылдарды қамтитынын атап өтеді. Бұл аралдарда жазғы ауа райы аса жоғары болмаған кезде қолға алынуы тиіс. Бұл туралы мақала Nature журналының соңғы нөмірінде жарияланды.